TikTok Орталық Азия отбасыларына арналған білім беру роликтерінің топтамасын ұсынды

73

Платформаны 13 жастан асқан пайдаланушылар ғана қолдана алады.  

TikTok Орталық Азия отбасыларына арналған білім беру роликтерінің топтамасын ұсынды Фото: cincinnatifamily.com

Балаларды қорғау күніне орай TikTok Орталық Азияелдеріне арналған ақпараттық-білім беру науқанын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қауіпсіз интернет үшін бірге!" бастамасы цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық туралы хабардарлықты арттырып, салауатты онлайн дағдыларды қалыптастыруға және ата-ана мен жасөспірімдер арасындағы ашық диалогтың маңызын нығайтуға бағытталған.

Білім беру роликтері топтамасында бірқатар тақырыптар қамтылған. "Отбасылық параметрлер" ата-аналарға өз аккаунтын жасөспірімнің аккаунтымен байланыстырып, оның құпиялық және цифрлық әл-ауқаты параметрлерін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл құралдың пайдалы мүмкіндіктерінің бірі – экран алдында өткізілетін уақытты шектеу. TikTok-та 13-17 жас аралығындағы пайдаланушылар үшін күніне бір сағаттық лимит орнатылған, алайда ата-аналар бұл шектеуді өз қалауы бойынша өзгерте алады.

TikTok платформасын 13 жастан асқан пайдаланушылар ғана қолдана алады. Жас талаптарын сақтау – платформаны пайдаланудың негізгі шарттарының бірі, сондықтан TikTok рұқсат етілген жастан кіші пайдаланушылар ашқан аккаунттарды анықтау және жою технологиясын тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Сонымен қатар, пайдаланушылар аккаунт иесі 13 жасқа толмаған деп есептесе, оған шағым түсіре алады.

TikTok платформа функционалын пайдаланушының жас ерекшеліне қарай бөледі, сондықтан жасөспірімдер аккаунты үшін күшейтілген қауіпсіздік параметрлерімен жоғары құпиялылық деңгейі орнатылған. Мысалы, 16 жасқа толмаған пайдаланушылар жүктеген видеолар ұсыныстар лентасына шықпайды, оларды жүктеп алу мүмкін емес және сол видеолармен дуэтжасауға рұқсат етілмейді.

Сонымен қатар TikTok-та 16 жасқа толмаған барлық пайдаланушылар үшін жеке хабарламалар функциясы өшірілген, бұл бейтаныс адамдармен қажетсіз хат алмасу қаупін болдырмайды.Тікелей эфирге шығу және TikTok LIVE арқылы виртуалды сыйлықтар жіберу тек 18 жасқа толған жасөспірімдерге ғана қолжетімді.

TikTok платформада тіл тигізу мен кемсітуге жол бермейді.

TikTok аудиторияға салауатты цифрлық әдеттердіқалыптастыруға көмектесетін функцияларды ұсына алады. Мысалы, 16 жасқа толмаған пайдаланушы сағат 22:00-ден кейін TikTok-қа кіретін болса, платформа үзіліс жасауды ұсынып, ұйқыға дайындалуға арналған тыныс алу жаттығуларын көрсетеді.

Ал 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-аналары "Отбасылық параметрлер" арқылы көрсетілген уақытта, мысалы, сабақ оқу немесе ұйқы кезінде қолданбаға кіруді шектейтін белсенді емес уақыт кестесін баптай алады. Сондай-ақ TikTok түнгі уақытта хабарландыруларды автоматты түрде өшіріп, жасөспірімдердің тынығуына қолдау көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу