TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жауапқа тартылды

274

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.  

TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жауапқа тартылды Фото: бейнежазбадан

Полиция TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлердің бірін бақылау барысында әдепсіз мазмұндағы жазбаны анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Эфир кезінде 42 жастағы әйел балағат сөздер айтып, әдепсіз ым-ишара көрсеткен.

Полиция жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған әйелдің Шахан кентінің тұрғыны Арай Құрымбаева екені анықталды.

Сот шешімімен оған әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұл салынды. Құзырлы орган әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Негізгі мақсат – цифрлық кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың алдын алып, оларды дер кезінде анықтау және жолын кесу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу