TikTok-та балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды

330

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі тікелей эфирге назар аударып, тексеру жүргізген.

TikTok-та балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды Фото: canva

Тараз тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Полиция қызметкерлері "Тау адам" деген атпен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екенін анықтады, – делінген ІІМ хабарламасында.

Тараз қаласы сотының шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу