TikTok-та мысықты қинаған ер адам жазаланды

169

TikTok-та мысыққа қатыгездік көрсеткен ер адамның әрекеті түсірілген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізіп, күдіктінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

TikTok-та мысықты қинаған ер адам жазаланды Фото: бейнежазбадан

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, видеода жануарға қатыгездік танытқан адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Серік Кетенов болып шықты.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ер адамға жануарларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеу жөнінде ресми ескерту жасалды. Полиция жануарға қатыгездік көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.

Видеодағы мысықтың жағдайы жақсы, ол зардап шекпеген.

Полиция азаматтарды жануарларға күш қолданбауға және оларға зиян келтірмеуге шақырды. Ведомство мұндай әрекеттер үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу