"TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматының 2 тұрғыны 1,5 жылға сотталды

Аталған желіде құмар ойындарды заңсыз таратқан 100-ден астам аккаунт анықталды.  

"TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматының 2 тұрғыны 1,5 жылға сотталды Фото: smartnews.kz

"TikTok" желісіндегі құмар ойындардан сақ болыңыздар. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, желіде карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулеткалар кең таралуда.

"Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.

Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық. Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға айтқым келетіні - олардың әрекеттері заңсыз, ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар", – деп хабарлады агенттік.

Мәселен, "TikTok" желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот "TikTok" желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.

"Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға ойнамауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның жасаған онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз", – деп хабарлады агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу