TikTok желісінің Ресейдегі жұмысы шектелді

1024

Бұл өзгеріс "фейк" туралы жаңа заңға байланысты енгізілді. 

TikTok желісінің Ресейдегі жұмысы шектелді

Қытайлық TikTok әлеуметтік желісі Ресейде қабылданған "фейк" туралы заңға байланысты жаңа бейнежазба жүктеу мен тікелей эфирлер жүргізу мүмкіндігін тоқтататынын мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап. 

Айта кететіні, 4 наурыз Ресей Президенті Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқаны және Ресейге қарсы санкциялар енгізуді талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын заңға қол қойды.

"Біз үшін басты бастысы – қызметкерлеріміз бен желі қолданушыларының қауіпсіздігі. Ресейдің "жалған жаңалықтар" туралы жаңа заңына байланысты тікелей эфирлерді және бейнесервисіміздегі жаңа мазмұнды жариялауды тоқтатудан басқа амалымыз жоқ. Біз мұның қауіпсіздікке әсерін қарастырып жатырмыз. Бұл өзгеріс хабар алмасу қызметіне ықпал етпейді", – деп жазылған компанияның хабарламасында.
 
Желі қызметтері қашан қайта қолжетімді болатынын нақтылау үшін Ресейдегі жағдайларды сараптайтынын да мәлімдеді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу