Тікұшағы апатқа ұшыраған Sky Service әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды

977

Сарапшылар апатқа ауа райының қолайсыздығы – қалың тұман себеп болған дейді.

Тікұшағы апатқа ұшыраған Sky Service әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды

Азаматтық авиация комитеті құлаған әуе кемесі тиесілі Sky Service компаниясының ұшуларын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылар апатқа ауа райының қолайсыздығы – қалың тұман себеп болған дейді.

Айта кетейік, тікұшақты франко-неміс Airbus Helicopters компаниясы жасаған. 2017 жылы шығарылған тікұшақ 6 жолаушыға арналған. Ол іскерлік жеке және туристік ұшуларға, шұғыл медициналық көмек көрсетуге, авиациялық жұмыстарға және мұнай мен газ бойынша операцияларға арналған.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға кеше сағат 16.00-де Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында болған. Әуе техникасын 51 жастағы Валентин Шитов басқарған. Бортта басқа жолаушы болмаған. Алайда пилот ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Қазір көлік оқиғаларын тексеру департаменті оқыс оқиғаны тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу