Қорғаныс министрлігі бірер күн бұрын Ақтөбе облысында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырау себебінің бірнеше нұсқасын болжап отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Өкінішке қарай, мұндай фактілер болып тұрады. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Комиссия жұмысынан кейін нәтижесі белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, әртүрлі нұсқалар, соның ішінде техниканың істен шығуы қарастырылып жатыр. Жалпы алғанда, кез-келген техниканың істен шығу қаупі бар. Аталған тікұшақ ең сенімді болып саналады және әлемнің 50-ден астам елінде қолданылады", – деді Сұлтан Қамалетдинов елордада өткен Digital army day іс-шарасы барысында.