Тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

799

Тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында болған тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарын анықтау үшін қазір сот алды тергеу жұмыстары жүруде.

Оқыс жайт өткен түне Ақкөл қаласының маңында болды. МИ-2 тікұшағы апатты жағдайда қонамын деп жерге соғылған. Артынша тұтастай өртеніп кеткен. Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Олар Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілген. "Тянь-Шань" әуекомпаниясына тиесілі тікұшақ орман алқаптарын бақылау мақсатында көкке көтерілгені айтылуда.

Айта кетсек, тікұшағы құлаған компания Алматыға жақын маңдағы әуеайлақта әуе көлігімен ұшу және парашютпен секіру қызметтерін де ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу