Медаль жауынгерлердің туған-туыстарына табыс етілді. Бұл туралы қораныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҚК Жоғарғы бас қолбасшысының Жарлығымен қаза тапқандар марапатталды. Олар ақтық демі қалғанша өз борышын адал орындады.
"Қаза болғаннан кейін майор Роман Костыгов, майор Тимур Құдайбердиев, майор Данияр Қоңырбай, майор Сабыр Тоқбаев, капитан Сырым Мәсәлім, лейтенант Аслан Айтбаев, 3-сыныпты сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов, кіші сержант Асхат Әбділманат, ефрейтор Айдын Әбділдинов, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, ефрейтор Өмірхан Қауқаев, ефрейтор Мирас Жұматаев мемлекеттік наградаларға ие болды. Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында медальдар қаза болған жауынгерлердің туған-туысқандарына табыс етілді", – делінген хабарламада.