Тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына марқұмдардың 60 айлық жалақысы беріледі

684

Мәжіліске келген Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров осылай айтты.

Тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына марқұмдардың 60 айлық жалақысы беріледі

Ми-8 тікұшағының апатынан қаза болғандардың отбасына жалақының 5 жылдық мөлшері өтеледі. Дәлірек айтсақ, марқұм офицерлердің 60 айлық жалақысы бір реттік негізде беріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Талғат Мұхтаровтың айтуынша 5 жылдағы жалақы 60 айлыққа тең келеді. Жәрдемақы жауапты ведомоствоның өз бюджетінен жұмсалады.

"Жалпы әскерилердің еңбекақысы офицерлерде 140 мың теңгеден, келісімшартпен қызмет ететіндерде 60-70 мың теңгеден басталады", – деді Талғат Мұхтаров.

Бұдан бөлек, олардың қарулас-әріптестері өз ішінде қаржылай көмек жинамақ.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары отбасында әскери қызметі кезінде қаза болғандар болса, марқұмның аға-інілері отан алдындағы борышын өтеуге шақырылмайтыны туралы норма барын еске сала кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу