Жас жігіт сүйіктісін тікұшақпен күтіп алып, қымбат тосын сыйларды жиі ұйымдастырады. Бұл туралы қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Айта кетелік, әкесі Дәурен Абдыхамитов бұған дейін Astana LRT қаржысын жымқырды деп айыпталып, халықаралық іздеуде болған. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Дәурен Абдыхамитов "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны да басқарды, одан кейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында және тағы бірнеше ірі ұйымдарда қызмет атқарды.
Кей медиада хабарланғандай, Абдыхамитов Дариға Назарбаевамен өте жақын болған және Нұрәлі Әлиевпен де тығыз жұмыс істеген. Дәурен Абдыхамитов Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының төрағалығынан кеткен соң ұсталды.