"Қазақ халқы полиэтникалық қоғамның интеграциялық процесінің негізін қалыптастырды. Бұл – әлемдегі жағдай. Тіл барлығын біріктіріп отыр. Мысалы, америкалықтар мыңдаған ұлттан тұрады. Бірақ оларды ағылшын тілі біріктіреді", –деді Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX cессиясында.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев тілдің маңыздылығына тоқталды.
"Біз еліміздегі этностардың мәдениетін, тілін дамыту үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еттік. Нәтижесінде қазақстандықтар ортақ мақсатымыздың және ортақ ұмтылысымыздың төңірегіне топтасты. Әрқайсысы біздің бірлігімізді, өзара құрметімізді, отаншылдық пен жауапкершілігімізді нығайтуға үлес қосты",– деді Елбасы.
Дәурен Ерболат