Семей қаласының көшелерінде қазақ тіліндегі көрнекі жарнамалардан 70-тен астам қате анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Семейде іс-шаралар жоспары бекітілген. Нәтижесінде, тілдерді оқыту орталықтарында былтыр 719 адам қазақ тілін тегін үйренді. Арнайы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша шаһарда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 98%-ды құрап отыр", – делінген қалалық Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
"Өткізілген мониторингілер барысында 302 объект қамтылды. Шара аясында заңнама талаптары түсіндіріліп, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығымен әзірленген сөздіктер таратылды. Көшелердегі көрнекі жарнамалардан 74 қате анықталды. Бүгінде 48 объекті олқылықтың орнын толтырды", – деді қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.