Тілектес Бәрпібаевқа қатысты тексеру амалдары басталды

994

Жоғарғы соттың комиссиясы Тілектес Бәрпібаевтың сот этикасын сақтаған-сақтамағанын тексеріп жатыр. 

Тілектес Бәрпібаевқа қатысты тексеру амалдары басталды

Нұр-Сұлтан қаласының жемқорлыққа қарсы қызметі мен ҚР Жоғарғы соты елордалық соттың төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты тексеру амалдарын бастады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.

"Тексеру нәтижесі көрсеткендей, жеке ұшақты Тілектес Бәрпібаевтың туысы болып табылатын кәсіпкер Германияда медициналық операция жүргізу мақсатында жалға алған", – деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Қазір Жоғарғы соттың комиссиясы Тілектес Бәрпібаевтың сот этикасын сақтау-сақтамауын тексеріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. 

Бұған дейін хабарланғандай, Германиядан Алматыға бортында экипажды қоса санағанда 12 адам бар ұшақ ұшып келген болатын. Әуежайға қонған бойда коронавирус жұқтырған 12 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылған еді. 
БАҚ дерегі бойынша, ұшақ бортында елордалық соттың төрағасы Тілектес Бәрпібаевтың туыстары болған. Бұл ұшақ тұрақты рейс жасамаған, біреудің меншігі көрінеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу