Тілі кеш шыққан балалардың ата-аналары Астанада арнайы орталыққа жүгіне алады

203

Астанада пилоттық режимде дамуында бұзылу қаупі бар немесе дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды ерте қолдау қызметі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілі кеш шыққан балалардың ата-аналары Астанада арнайы орталыққа жүгіне алады Фото: Астана әкімдігі

0 жастан 3 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар қызмет мамандарына жазыла алады.

Аталған мекемеде ата-аналарды оқытуға баса назар аударылады. Ерте қолдау қызметін "Мүмкіндіктер уақыты" жобасы аясында "Дара" қоры ашты.

– Егер, бала қатарластарына қарағанда моториканы баяу меңгерсе, тілі кеш шықса, агрессия көрсетсе немесе үнемі жыласа, сондай-ақ ұйқысы мен тәбеті бұзылған болса, ата-аналарға ерте қолдау қызметіне жүгіну қажет болады. Егер, ата-ананы бірнәрсені алаңдатса және олар баласының даму ерекшеліктерін жақсы түсінгісі келсе, оларға қызмет мамандары көмектеседі. Ерте қолдау – бұл ата-аналар мен балаларға кешенді көмек, – делінген хабарламада.

Қызмет көрсету мамандары ата-аналарға баласын өмірінің алғашқы кезеңдерінде функционалды түрде дамытуға үйретеді. Олар қай бағытта қиындықтар болғанына байланысты қызметтерді таңдайды.

Бұл қоршаған ортаны білу, қарым-қатынас жасау, еңбектеу немесе серуендеу дағдылары, сондай-ақ тамақтану, қол жуу және т.б. сияқты дағдылары болуы мүмкін.

Ерте қолдау қызметі елорданың екі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында ашылды. Отбасыларды кешенді қолдау үшін үш орын ұйымдастырылған: дамыту аймағы – балалар үшін, кеңес беру аймағы – ата-аналар үшін және жұмыс аймағы – маман үшін. Отбасыларға барлық көмек тегін көрсетіледі.

Астана қаласының №1 және №2 түзету кабинеттерінің мәліметтері бойынша қазір елордада 200-ден астам отбасы ерте қолдау мамандарының көмегіне мұқтаж.

– Балалармен жұмыс істеудің басқа бағдарламаларынан айырмашылығы, мұнда қызмет мамандарының кешенді тәсілі басты рөл атқарады: олар тек баламен ғана емес, бүкіл отбасымен де жұмыс істейді. Балалар кәсіби мамандардан дербес өмір сүру ережелерін үйренеді, ал ата-аналар балалармен өзара іс-қимыл дағдыларын игеруге мүмкіндік алады, – деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу