Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай пікір білдірді.
Министрдің мәлімдеуінше, оқушылар мен студенттер арасындағы дебат қозғалысы қайта жанданады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, министрлік ел аумағында дебат қозғалысын дамыту тұжырымдамасын және дебат турнирін өткізу қағидасын әзірледі. Қазір жаттықтырушыларды даярлау жұмысы қолға алынып, дебат клубтары ашылып жатыр.
"Дебатты ойын емес, білім беру технологиясы деп қабылдау қажет. Қозғалысты белсенді түрде дамытып жатырмыз. Дебат адам бойындағы маңызды дағдыларды қалыптастырады. Сыни ойлау қабілетін дамытуға, командада жұмыс істеуге, сұраққа жауап беруге, пікіріңді дәлелдеуге үйретеді", – деді министр.
Айтпақшы, ең басты және маңызды жаңалық: дебат турнирінің жеңімпаздарына жоғары оқу орындары ректорларының гранты тағайындалады. Мұны да министр Асхат Аймағамбетов айтты.
Қанат Махамбет