"Тілімізді таптайтын Черчесовке қақпамызға салғызған әр голы үшін 80 млн теңге төлеп отырмыз": Депутат мәселе көтерді

358

Футболдан ұлттық құрамаға қыруар қаржы бөлініп жатқанын айтты. 

"Тілімізді таптайтын Черчесовке қақпамызға салғызған әр голы үшін 80 млн теңге төлеп отырмыз": Депутат мәселе көтерді Фото: коллаж inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса барлық спорт федерациялары мен кәсіптік спорт клубтарына ревизия жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, қазір талқыланып жатқан заң жобасында легионерлерді тоқтату мен 180 спорт түрін қысқарту секілді мәселелер шешімін тапты. 

"Халық қаржысын футболға шашып отырған Қазақстан секілді ел әлемде жоқ. Футболды дамысын деп қанша қаржы бөлсек те, футбол емес, жемқорлық дамып жатыр. ФИФА рейтингісі бойынша 110-130-шы соңғы орындардамыз. Ал футболдағы №1 жемқорлық қылмыс болып саналатын "келіскен ойындар" саны бойынша әлемдік рейтингте алдыңғы 4-орындамыз",  – деді депутат Қазыбек Иса.

Мәжілісмен "Астана велоспорт" клубына кетіп жатқан қаржының есебін ешкім білмейтінін жеткізді. 
 
Қазыбек Иса футболдан ұлттық құрамаға да тоқталды.

"4 ойында қақпасына 8 гол кіргізіп ойсырай ұтылған, бір де бір жеңіске жетпеген футболдан ұлттық құраманың бас бапкері, ресейлік Черчесовке Барменқұлов басқаратын футбол федерациясы 640 млн тг төлейді дейді. Сонда біз пұлымызды мақтайтын, тілімізді таптайтын Черчесовке қарсыластың емес, біздің ұлттық құраманың қақпасына салғызған әр голы үшін 80 миллион теңге төлеп отырмыз",  – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу