Трамптың өкілдері журналистті байқамай құпия чатқа қосып жіберген

332

Ақ үй өкілдері журналисті байқамай құпия чатқа қосып жіберген.  

Трамптың өкілдері журналистті байқамай құпия чатқа қосып жіберген Фото: www.theatlantic.com

Дональд Трамп әкімшілігі осылай дауға қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  Шенеуніктер "The Atlantic" журналының редакторын абайсызда құпия чатқа қосып қойған. Сөйтіп Джеффри Голдберг АҚШ-тың Йеменде хуситтерге қарсы әскери операциясы жайында алдын ала білген. Журнал редакторы бастапқыда "бұл қалжың" деп ойлаған. Бірақ чаттағы хабарламаларды оқығанннан соң тура 2 сағат өткенде Құрама Штаттар Йеменді атқылай бастайды. Тілшіні құпия чатқа кім қосқаны белгісіз.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік кеңесі келеңсіз жайттың мән-жайын анықтауға кірісті. Ал Дональд Трамп Ақ үйде не болып жатқанынан бейхабар болып шықты.

Америка президенті "The Atlantic" журналын мүлде оқымайтынын мәлімдеді.

Пентагон басшысы да мәселені жылы жауып қоюды қалайтын секілді.

Айтуынша, журнал редакторы қарулы операцияның жай-жапсарын білмейді. Өйткені құпия чатта әскери шабуылға қатысты ешқандай жоспар талқыланған жоқ, дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу