Бұл туралы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Алғашқы концертке Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әртістер қатысады, ол мамыр айына белгіленген, – деді Талғат Ғазизов Үкімет отырысында.
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы жалпы жыл соңына дейін кемінде 5 ірі концерттік іс-шара өтетінін хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу