Америкалық Time журналының оқырмандары Бразилия Президенті Жаир Болсонаруды жыл адамы деп таңдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz басылымның сайтына сілтеме жасап.
Оқырмандар осы жылы оң не кері ықпал еткен адамды не адамдар тобын таңдады. Болсонаруды дауыс берген 9 миллионнан астам адамның 24%-ы қолдады.
Жаир Болсонаруды Бразилия саясаткерлері де, әлемдік қоғамдастық та пандемиямен күресуге деген көзқарасы үшін бірнеше рет сынға алған еді. Ол коронавирус дертін медициналық қауымдастық мойындамайтын жолмен емдеуді ұсынған болатын. 2021 жылдың қазан айында Бразилия президентінің YouTube-тағы аккаунты COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқаны үшін бұғатталды.
Табиғат Нұрболат