Times: Британдық азаматтардың өміріне Пентагон құпия ақпараттарының таралуы қауіп төндірді

640

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары 23 наурыз бекітілген құпия құжаттың таралып кеткені туралы хабарлаған болатын, онда Британдық арнайы күштердің 50-ге жуық қызметкері басқа батыс арнайы Күштерімен бірге Украинаға жіберілген деп жазылған.  

Times: Британдық азаматтардың өміріне Пентагон құпия ақпараттарының таралуы қауіп төндірді Фото: riafan.ru

Британдық азаматтардың өміріне Пентагон құпия ақпараттарының таралуы қауіп төндірді, деп жазады inbusiness.kz Британдық Парламенттің Қауымдар палатасының қорғаныс комитетінің төрағасына сілтеме жасап.

Құжатта бұл күштердің қайда екендігі және олардың не істейтіні көрсетілмеген.

"Бұл есептердің мазмұнының едәуір бөлігі шындыққа жанаспайды, манипуляция болуы мүмкін", - деп Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігінің өкілі Times газетіне жауап беріп.

Пентагон құпия деректердің қалай таралып кеткенін анықтауға тырысып жатқанда, Британдық шенеуніктер, әскерилер мен барлаушылар жаңа құжаттардың пайда болуын жоққа шығармайды.

"Пентагонның өзі тағы не болуы мүмкін екенін білмейді. Бұл шынымен де алаңдаушылық туғызады және олар бір мәселені шешіп болғанша, басқа да дүниелер әлем назарына ілігуі мүмкін", - деді Қауіпсіздік саласы өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу