Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

460

Финалға шығу үшін чилилік Алехандро Табило немесе швейцариялық Леандро Ридльдің біреуімен таласады.

Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық, әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов Карлсруэ (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 440-орында тұрған ливандық Хади Хабибпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші сол басымдылығын сақтап қалды - 6:3.

Тимофей екінші сетте де 4:2 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейк жасап, матчты бітірді - 6:2.

Бір сағат 20 минутқа созылған кездесуде Т.Скатов эйс жасамағанымен, 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 9 эйспен ғана көзге түсті.

Тимофей Скатов енді финалға шығу үшін чилилік Алехандро Табило немесе швейцариялық Леандро Ридльдің біреуімен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу