Карамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдары департамент қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен бірлесіп инертті материал салынған қаптарды дайындап жатыр. Аулаларды аралау және халықпен профилактикалық әңгімесу ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Тімтуір өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет қойылған..
"Өткен тәулікте Қарасу ауданындағы Тімтуір өзенінде судың деңгейі 23 см-ге көтерілді, 6-7 сағат ішінде Қарамырза ауылына су кірді. Сағат 24:00-де су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен аула аумақтары су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар халықты су басу аймағынан алдын ала эвакуациялып, өз еркімен көрші көшелерде тұратын 23 адам туыстарының үйлеріне орналастырылған.
Жұмыстарға ТЖД күштері мен құралдарынан 25 адам мен 6 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралы және 14 мотопомпа жұмылдырылды.
Су тасқыны жағдайы бақылауда.