Тимур Құлыбаев "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының төралқа төрағасы лауазымына қайта сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Астанада өтіп жатқан Атамекен ҚҰП ІV съезінің делегаттары бірауыздан бұрынғы лауазымына сайлады.
"Бүгін басқарма атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бұл бәріміздің ортақ жұмысымыз. Съезге өңірлік кеңестер, аудандық өкілдіктеріміз қатысып отыр, тұтас республика бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы ауқымды жұмыстардағы менің еңбегімді бағалағандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын", - деді Тимур Құлыбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу