Бұл жайында палатаның ресми сайтындағы үндеуінде жариялады. Сондай-ақ съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне алғысын білдірді.
"Атамекен" ұжымының қатардағы сарапшыдан аудандық филиал басшыларына дейінгі бірлескен, мазмұнды жұмысына айрықша ризашылығын жеткізді. Тимур Құлыбаев төрағалық еткен 8 жыл ішінде, заңнамалық түзетулердің 8 пакеті қабылданып, экономикалық қылмыстарды қылмыссыздандыру жүргізілді.
Экономика саласындағы қылмыстық істерді тіркеу 5 есеге қысқарды. Қылмыстық кодекстен "жалған кәсіпкерлік" бабы алынып тасталып, рұқсаттар, хабарламалар мен лицензиялар саны 4 есе азайған. Бақылау-қадағалау жүйесіне де реформа жүргізілді – 17 мың немесе 58% талап алынып тасталды.
Ал "Бастау бизнес" аясында 60 мыңнан астам жоба іске қосылып, 70 мың жұмыс орны ашылды.