Тимур Құлыбаев: Бизнесті реттеу шарты өзгерді

903

Кейбір министрліктер жаңа принцептерге сай келмейтін реформалар ұсынады, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Тимур Құлыбаев: Бизнесті реттеу шарты өзгерді

Бүгін Елордада өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің 5-ші республикалық формуында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Айтуынша, қазір елімізде бизнеске қойылатын талаптар азаймай тұр. Тіпті кәсіпкерлікті бақылайтын 30 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акт бар. Оған қоса, 200 заң бизнесмендердің жұмысына қатысты бекітіліп, қосымша кедергілер тудырады. Форумда осы саны көп талаптың барлығы қайта қаралып, өзекті еместері алынып тасталу керектігі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу