Тимур Құлыбаев бокс федерациясының құрметті Президенті қызметінен кетті

900

Бизнесмен Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясының құрметті Президенті қызметін босатты.   

Тимур Құлыбаев бокс федерациясының құрметті Президенті қызметінен кетті  Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Ол бұл орынға 2019 жылдың қазан айында жайғасқан еді, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Бокс федерациясы сайтының мәліметінше, Құрметті президент  қызметінде енді тек Кеңес Рақышев қалды. Қазір федерацияны кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп басқарады.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаевтың қазақ спортын қолдау мен дамыту саласында тәжірибесі зор. Ол бірқатар отандық және халықаралық ұйымдарда әртүрлі қызметтер атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу