Тимур Құлыбаев Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарына барды

785

Қазақстан ҰОК басшысы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездеседі.

Тимур Құлыбаев Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарына барды Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Джакартадағы Азия ойындарына барды. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Құрлық додасының соңғы жарыс күндерінде Индонезия астанасында бірнеше ресми кездесу өтеді. Қазақстан ҰОК басшысы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездеседі.

Сондай-ақ, ол Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының (ANOC) және Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахпен жолығады.

Еске сала кетейік, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті саналады. Кездесулер барысында Қазақстан ҰОК пен халықаралық спорттық ұйымдардың әріптестігін нығайту мәселелері қарастырылады. 

Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК басшысы қазақ боксшыларының жартылай финалдық бәсекесін, дзюдодан финалдық жекпе-жектерді және су добынан өткен матчты тамашалады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу