Ұлттық Олимпиада комитетінің және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кәсіби рингтегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды
"Сіздің Қазақстандағы жанкүйерлеріңіз Стив Роллспен жекпе-жекті асыға күтті және бұл кездесу сіздің әділ әрі толық жеңісіңіз –нокаутпен аяқталды. Қазақстандық спорт сүйер қауым сізбен бірге Madison Square Garden аренасында жанкүйер болды, сондай-ақ бүкіл әлем GGG-дің тамаша таланты мен қазақстандық бокс мектебінің асқақ даңқына тағы да көз жеткізді. Олар үшін бұл шайқас жылдың басты оқиғасы болды. Қанша мың отандастарымызды қуанышқа бөлеген осы тамаша көрініс үшін, спорт мерекесі үшін Сізге алғыс айтамын. Жаңа жеңістер, денсаулық және табыс тілеймін!" – деді ол құттықтауында.