Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

1042

Геннадий Головкин Сергей Деревянченконы ұтып, өзінің кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізді

Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, деп жазады olympic.kz.

"Орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы титулдары сарапқа cалынған Сергей Деревянченкомен жекпе-жегіңізді қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтті. Сіз бүгін жас спортшыларға үлгі болатын қасиеттерді, атап айтқанда, табандылық пен қайсар мінез, жоғары шеберлікті көрсеттіңіз. Екі дәрежеде әлем чемпионы атағына ие болып, мыңдаған жанкүйеріңізге шабыт сыйладыңыз. Отандық бокс мектебінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдедіңіз. Сізге жаңа жеңістер мен сәттілік тілеймін!", – делінген құттықтау жедел хатында.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қазан күні Геннадий Головкин Сергей Деревянченконы ұтып, өзінің кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы титулдарын ие болды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу