Тимур Құлыбаев ірі мұнай трейдеріндегі үлесінен бас тартты

989

Оның мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны жарияланбады.

Тимур Құлыбаев ірі мұнай трейдеріндегі үлесінен бас тартты

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев қытайлық CNPC компаниясының бақылауындағы мұнай және мұнай өнімдерінің ірі трейдері "Petrosun" ЖШС-дегі 49% үлесін мемлекеттік энергетикалық компанияға тапсырды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Скляр Құлыбаевтың мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын айтпады. 

Ескере кететін жайт, "Petrosun" ЖШС қазақстандық мұнайдың басым бөлігін нарыққа шығарар алдында сатып алып, өңдеумен айналысады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу