Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Кеңес Рақышев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

1766

Танымал меценаттар жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін қаржылай көмек бөлді.

Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Кеңес Рақышев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Елге танымал кәсіпкер-меценаттар Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Кеңес Рақышев жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін қаржылай көмек бөлді. Қаржылай көмектің операторы – "Халық" қайырымдылық қоры.

 Бұл көмек елде ТЖ режімінің енгізілуі мен карантин шаралары салдарынан қиын жағдайға тап болған тұрғындарға бағытталған.

Бүгінде аталған бастаманың операторы болып табылатын "Халық" қайырымдылық қоры 20 мың азық-түлік жиынтығын құрады. Қазіргі уақытта бұл көмек аймақ әкімдіктері берген тізіміге сәйкес таратылуда. Жалпы көлемі 1200 тонна құрайтын азық-түлік жиынтықтары Қазақстанның барлық аймақтарында жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады.   

Сонымен, ел кәсіпкерлері қиын сәттерде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін тағы да танытты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу