Тимур Құлыбаев: Карантин режимі – бизнес үдерістерді қайта қарауға серпін береді

875

 Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы бас қала мен Алматы кәсіпкерлерімен кездесіп, көкейіндегі мәселелерін тыңдады.

Тимур Құлыбаев: Карантин режимі – бизнес үдерістерді қайта қарауға серпін береді

Жұмыс орнын сақтап қалуға дайын отырған бизнес өкілдеріне көмек бірінші кезекте берілуі керек. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың пікірі осындай, деп хабарлайды Atameken Business. 

Ол бас қала мен Алматы кәсіпкерлерімен кездесіп, көкейіндегі мәселелерін тыңдады.

Төтенше жағдай кезінде айтарлықтай шығын көргендер де осы екі мегаполистің адамдары. Дені туризм, ресторан, қонақ үй, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық және құрылыс бизнесі, сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіпті қол еткендер.

Кәсіпкерлер "егер қолдау көрсетілмесе, көптеген бизнес түрі жойылып кетеді" деп алаңдаулы. Мәселен, биылдың ортасында Алматыдағы мейрамханалардың 30-дан 50 пайызға дейіні қызметі біржола тоқтатады. Себебі, тұтынушылардың аздығы, сырттан келетін тауардың қымбаттауы мен борыштардың бастан асуы. Осы ретте, кәсіпкерлер салық пен несиені өтеу мерзімін 3-тен 6 айға дейін шегерсе деген ниетте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу