Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді

920

Өткен айда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланған болатын.

Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді

Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан бокс федерацияның отырысында федерация президенті Тимур Құлыбаев қызметінен кететінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"18 қыркүйек күні менің ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына тағайындалғанымды білесіздер. Осыған орай, су спорты түрлері мен бокс федерациясы президенті лауазымынан кетуді жөн деп шештім. Сіздермен бірге спорттың дамуына 10 жыл бойы үлес қосып келеміз. Жұмыс нәтижелі болды деп есептеймін. Аймақтық бокс федерацияларына, бірлесе жұмыс атқарып жүрген азаматтарға, Үкіметке, демеушілерге, барлықтарыңызға алғысымды айтамын", – деді ол отырыста.

Еске сала кетсек, өткен айда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу