Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
"Құрметті қазақстандықтар! Ұлттық Олимпиадалық комитеті сіздерді Қазақстан халықының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! Біздің біртұтас халық екенімізді айқындайтын ортақ құндылығымыз, болашаққа деген ұмтылыс, бір-бірімізге деген сенім бізді кез келген қиындықтан алып шығуға көмектеседі. Бір-біріңізге деген сенім мен құрметті сақтай отырып, жақындарыңызға демеу болып, спортпен шұғылданыңыздар! Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін!", – деп жазылған құттықтау мәтінінде.