Тимур Құлыбаев су тасқыны салдарын жоюға 30 млрд теңге бөледі

2998

Қаражат тұрғын үйді реконструкциялауға және салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккендерді қолдауға бағытталады. 

Тимур Құлыбаев су тасқыны салдарын жоюға 30 млрд теңге бөледі Фото: olympic.kz

Тимур Құлыбаев Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі тұрғын үй мен инфрақұрылымдық нысандарға айтарлықтай залал әкелген жойқын су тасқынына байланысты Атырау облысын қалпына келтіруге 30 млрд теңге бөледі.

 Келтірілген залалды есептеу аяқталған соң жұмыстар бірден қолға алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың қайғысына ортақпын. Біз алғашқы күндерден бастап тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты бірге еңсеретінімізге сенімдімін", - деді Тимур Құлыбаев.

Бизнес пен еліміздің белсенді азаматтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жойқын су тасқының салдарымен күресте күш-жігерді біріктіру туралы үндеуінен шет қалмады. Соңғы жылдары Тимур Құлыбаевтың компаниялар тобы Президенттің бастамаларын қолдауға әрі қайырымдылыққа 85 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Оның ішінде топан сумен күреске 1,5 млрд теңге бөлді.

Halyk Bank қазақстандықтардың елдегі тасқыннан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегін аудара алатындай арнайы шот ашты. Halyk Bank қосымшасы арқылы тиісті көмекті жіберуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу