Тимур Құлыбаев Томас Бахты құттықтады

1065

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне қайта сайланған Томас Бахқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды olympic.kz сайты.  

Тимур Құлыбаев Томас Бахты құттықтады

"Сізді Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз!

Біздің үлкен олимпиадалық жанұямыздың мүшелері сізді сенімді түрде қолдады. Бұл Сіздің мәртебеңіздің бен көшбасшылық қызметіңіздің жоғары екенін және сенімге лайық екеніңізді көрсетеді.

Сіздің спортшыдан ХОК Президентіне дейінгі жолыңыз, Сіздің Олимпиадалық қозғалыс идеалдарына деген адалдығығыз, бар әлемдегі бірлік пен ынтымақты сақтай отырып спортты жан-жақты дамытудағы рөліңіз кез келген адамды жігерлендіреді. 

Сіздің жаңашыл және бітімгершілік бағытыңыз Олимпиадалық қозғалыстың алға басуына шексіз үлес қосты. Қазір өткеріп жатқан қиын кезеңдерде Олимпиадалық отбасыға осындай көшбасшы керек. Сіздің әлемді спорт арқылы дамытуға салған баға жетпес еңбегіңіз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіз.  Олимпиадалық қозғалыс сенімді қолда екеніне күмәнім жоқ. Сізге әрі қарайғы қызметіңізде табыс және жарқын жеңістер тілеймін", - делінген құттықтауда. 

Айта кетелік, 93 дауыс жинаған Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Сайлау онлайн форматтағы ХОК-тің 137-ші Сессиясы барысында өтті. 

Халықаралық Олимпиада комитеті президентінің өкілеттігі биыл 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін Олимпиада ойындарынан кейін күшіне енеді. Томас Бах ХОК-тің тоғызыншы президенті. Ол бұл міндетті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Бахтың спортшы ретіндегі жетістігі де орасан зор. Ол семсерлесуден Олимпиада чемпионы әрі әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. 1981 жылы ХОК-тің спортшылар ісі жөніндегі Комиссиясының негізін қалаушылардың бірі болды. 1991 жылы ХОК мүшесі атанып, 1996-213 жылдар аралығында ХОК-тің Басқарма құрамына енді. 2000-2004, 2006-2010 жылдары ХОК вице-президенті қызметін атқарды. Ал 2013 жылдың қыркүйегінен бастап ХОк президенті болып сайланды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу