Тимур Құлыбаев Юлия Галышева мен бапкерін мемлекеттік наградамен марапаттады

834

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №798 Жарлығына сәйкес, олар "Құрмет" орденімен марапатталды.

Тимур Құлыбаев Юлия Галышева мен бапкерін мемлекеттік наградамен марапаттады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев могулдан Олимпиада ойындарының жүлдегері әрі әлем чемпионы Юлия Галышева мен фристайл-могулдан ұлттық команданың бас бапкері Елена Круглыхинаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.  

"Сіздерді жоғарғы мемлекеттік награда алуларыңызбен құттықтаймын! Сіздер шын мәнінде үлкен жұмыс атқардыңыздар. Өткен жылы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, биылғы әлем чемпионатында барша жанкүйерді алтын медальмен қуантып отырсыздар. Сіздер үшін бұл жеңіске барар жол оңай болмағанын білемін. Алдымен қола жүлдеге қол жеткізіп, келесі әлем чемпионатында күміс медаль еншіледіңіздер. Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет могулдан әлем чемпионы атанып, биіктен көрінгеніңіз үшін қуаныштымын. Мемлекет басшысының қолдауы мен Үкіметтің жүйелі жұмысы еліміздегі спорттың дамуына серпін беріп, жақсы нәтижелер тіркелуде. Осы орайда, қысқы және жазғы спорт түрлерін тең дәрежеде дамытып отырған Шығыс Қазақстан облысы басшылығының еңбегін де атап өткім келеді", - деді Қазақстан ҰОК президенті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу