Тимур Құлыбаев Жасталап Санауовтың отбасына көңіл айтты

738

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев каратэден Қазақстан командасының бас бапкері Жасталап Санауовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды olympic.kz сайты.    

Тимур Құлыбаев Жасталап Санауовтың отбасына көңіл айтты

Жасталап Санауовтың жанұясына

Өзімнің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан орны толмас қазаға қайғырып көңіл айтамын. 

Жасталап Әбдіқанұлы еліміздегі каратэнің бастау бұлағында тұрған тұлға. Ол спорттың бұл түрін дамытып қана қоймай, жаңа биікке шығарды. Санауовтың жетекшілігімен ел спортындағы тарихи жағдай орын алды – қазақстандық каратэші олимпиада лицензиясын иеленді. Одан бөлек, Қазақстан командасы әлем үздіктерінің бірі саналады. Бұл жетістіктің артында оның бас бапкер ретіндегі ерен еңбегі тұр. 

Оның шеберлігі, жаттығу кезеңіне ерекше әдіспен келуі, сондай-ақ, спорт шыңына жету жолындағы жанкешті ерліктері біздің көз алдымызда жаңа дәстүрлерді туындатты. 

Қазақстандық барша спорттық қоғамдастық Сіздердің қайғыларыңызға ортақ екенін жеткізгім келеді. Оның жарқын бейнесі жақындары мен достарының, әріптестері мен спортшылардың жүрегінде мәңгілік сақталады. 

Тимур Құлыбаев. 

Жасталап Санауов 1966 жылдың 26 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебін бітірген. Қазақстан Политехникалық институтын бітірген. Каратэ-додан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО-ның үш дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы. 

1986 жылы бапкерлік қызметін бастаған. 

Атқарған қызметтері:  Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері; 

"Қазақстан каратэ Одағы-Федерациясының" вице-президенті; 

Бүкіләлемдік Каратэ федерациясы (WKF) Атқарушы комитетінің мүшесі; 

Мемлекеттік наградалары: 

"Құрметті спорт қызметкері" (2020)

"Құрмет" ордені  (2016);

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалі (2016);

"Ерен еңбегі үшін" медалі (2009)

ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы медалі (2001)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу