Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алтын банкті сатып алды ма?

224

Тимур және Динара Құлыбаевтар "Altyn Bank" акционерлік қоғамына иелік ететін болды.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алтын банкті сатып алды ма? Фото: hops.id

Мұндай мәліметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратты. Агенттіктің басқармасы 7 маусымда бірқатар қаулы қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оның бірі Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа "Altyn Bank" акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру жөнінде, ал екіншісі Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның "Altyn Bank" акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуіне келісім береді.

Үшінші қаулыда "АЛМЭКС" холдингтік тобы" акционерлік қоғамына "Altyn Bank" (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім берілетіні көрсетілген.

Осылайша Тимур және Динара Құлыбаевтар "Altyn Bank" акционерлік қоғамына иелік ететін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу