Тимур Мұратов 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған.
Әр жылдары "Ақ ниет" сауықтыру орталығында, Қорғаныс министрлігінің Бас әскери емханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары – Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.
2015-2017 жылдары – №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
2017-2018 жылдары – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2019 жылдары – Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері.
2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары болды.
2020 жылдан 2023 жылға дейін – Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы.