Бүгін ҚР үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы аясында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Экспо-2017" аяқталуына байланысты азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне қатысты сыбысқа түсініктеме жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Расымды айтсам, бұл мәселе ылғи көтеріледі. "Экспо" басталғанда көрмені өткізу кезінде азық-түлік қымбаттамай ма деген сұрақ қоятын. Өздеріңіз де түсінесіздер, үй маңындағы дүкендерде, көтерме және бөлшек саудадағы бағаларды ұстап тұру мүмкін емес. Біз де, әкімдіктер де мұнымен айналысқан жоқпыз. Бұл - нарық", — деді министр.
Тимур Сүлейменов журналистерге мұндай ақпаратқа назар аудармауға кеңес берді. Оның айтуынша, азық-түлік себетіне кіретін азық-түлік бағалары төмендетілді.
"Сегіз айдың қорытындысы бойынша азық-түлік тізімінің басым бөлігі бойынша 0,9% дефляция байқалуда. Өздеріңіз де білесіздер, сегіз айда бізде инфляция қалыптасты — 7%. Азық-түліктік емес тауарлар мен қызмет көрсету есебінен өсім 0,1% болды. Бірқатар тауарға баға қымбаттады, бірақ егер азық-түлік себетін алатын болсақ, баға төмендеді", — деп атап өтті Т. Сүлейменов.
Оның айтуынша, аталған динамика кемінде бір ай жалғасады. Сондай-ақ, Т. Сүлейменов нан бағасы сәйкес органдардың ерекше бақылауында екенін айтты.