Тимур Сүлейменов: Бұл сұрақты Ұлттық банкке қою керек

1399

Министр "доллар құны алдағы уақытта 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді.

Тимур Сүлейменов: Бұл сұрақты Ұлттық банкке қою керек

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов келесі жылғы теңге бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Макроэкономикалық тұрғыда көп жағдай Федералды резервті жүйесі (ФРЖ) ставкасының өсіміне байланысты екенін бұрын да айтқан болатынбыз. АҚШ-тың жүргізіп отырған саясатының өзі америкалық құзіреттің, құнды қағаздарының инвестициялық тартымдылығының күшеюіне ықпал етеді. Демек, ықпал арқылы доллар өссе қалғаны (валюталар - авт.) құлайды. Негізгісі осы", – деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, қазір "қара алтынның" бағасы тұрақты емес. Құны бірде шарықтап, бірде төмендеп тұр.

"Тиісінше, бұл теңге бағамына әсер етпей қоймайды", - дейді ол.

Министрге осы кезде "доллар құны алдағы уақытта 400 теңгеге жетуі мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды.

"Ең дұрысы, бұл сұрақты Ұлттық банкке қою керек. Бізде өздеріңіз білетіндей, келесі жылғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша баға 370 теңге деңгейінде қалу керек", –  деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу