Тимур Сүлейменов: Бұны министрлік те, үкімет те істеп жатқан жоқ

1097

Министр мереке қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауар бағасының өсіп кетуіне қатысты түсінік берді.

 Тимур Сүлейменов: Бұны министрлік те, үкімет те істеп жатқан жоқ

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауар бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Инфляция 500-ден астам тауарға қатысты, яғни көкөніспен қатар, өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтер қамтылып отыр. Олар бойынша қазір жағдай қалыпты. Атап айтқанда, тарифтерті төмендету бойынша іске асырылып жатқан президент тапсырмасы тұрғысында инфляция 5-7 пайыз дәлізінде болады деп күтілуде", –  деді министр парламент мәжілісінің жалпы отырысынан соң тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол сұраныстың артуы бағаның өсіміне алып келетінін де атап өтті.

"Бұл жағдай түсінікті, себебі біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Тауарға сұраныс артқан сайын, баға үнемі жоғарылай береді. Бұл тұрғыда қонақ үйлерде жаз кезінде басқа қалыптасса, қыста баға керсінше төмендейді. Осы жағдайлар нарықтың аясында қалыптасып отыр және оған дайын болу керек", –  деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің атап өтуінше, азық-түлікті арзан бағамен сату үшін мемлекет тиісті дүкендерді ашуды жоспарламайды.

"Егер де біз нарықтық жағдайда өмір сүргіміз келсе, онда біз оның оңтайлы тұстарымен қатар, бағаның өсуіне қатысты басқа да жақтарын қабылдауымыз керек. Қайталап айтамын, бұны министрлік те, үкімет те істеп жатқан жоқ. Осы іс-қимылдар нарық субъектілеріне байланысты. Әрине, лимиттерді елемейтіндер байқалса, біз оларды монополияға қарсы реттеу тетіктері арқылы жазаға тартамыз", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу