Тимур Сүлейменов ЕАЭО шеңберінде бірыңғай валюта енгізуге қатысты пікір білдірді

1142

Трансшекаралық есеп айырысуларды электронды төлем арқылы жүргізу туралы бастаманы "Ұлттық төлем кеңесі" көтерген.

Тимур Сүлейменов ЕАЭО шеңберінде бірыңғай валюта енгізуге қатысты пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО шеңберінде бірыңғай валюта енгізу идеясына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Atameken Business.

Жалпы, трансшекаралық есеп айырысуларды электронды төлем арқылы жүргізуге ресейлік "Ұлттық төлем кеңесі" бастамашы болған. Бұл ұсынысты аталмыш елдің қаржы министрлігі де қолдап отыр. Осыған дейін, мұндай жаңашылдық Еуропалық одақ елдерінде қолданылып, ондағы ұлттық валюталар орнын "еуро" басқан болатын. Алайда, Тимур Сүлейменов бұл қадам төл теңгенің құндылығын жояды деген пікірде.

"Біз өз ұстанымымызды бірнеше мәрте білдірдік. Бұл менің саяси және мемлекеттік тұлға ретіндегі пікірім: ұлттық валюта – әнұран, елтаңба және көк туымыз сияқты біздің егемендігіміздің символы. Біз оны әрдайым қорғауға, дамытуға және сақтауға тиіспіз. Сондықтан кез келген квази немесе прокси валюталарды қолдануға жол берілмейді", - дейді министр.

Жалпы, Қазақстан мен одақ аясындағы тауар айналымы жыл санап артуда. 

10 айда сауда-саттық көлемі 8,4 пайызға ұлғайып, 15,520 млрд долларға жектен. Оның ішінде экспорт 11 пайызға өсім көрсетіп, шамамен 5 млрд долларды құраған. Импорттық тауарлар үлесі 5,6 пайызға артып, 10,7 млрд долларға теңесті.

Айта кетейік, сауда айналымының 91 пайызы Ресейдің үлесінде. Ал, Қырғызстан мен Беларусь елдеріне небәрі 4 пайыз тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу