Тимур Сүлейменов Қазақстанның ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

784

Тимур Сүлейменов  Қазақстанның ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі бұрынғы алқа мүшесі Тимур Сүлейменов  ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Сүлейменов Тимур Мұратұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын", – делінген президент сайтында жарияланған мемлекет басшысының жарлығында.
Осы уақытқа дейін ұлттық экономика министрі қызметін  Қуандық Бишімбаев атқарып келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу