Ерұлан Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Сүлейменов ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", – делінген Жарлықта.
Ол ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу