Тимур Сүлейменов: Ортамерзімді келешекте инфляцияны 5%-дық мақсатқа жеткізуге күш-жігерімізді жұмсаймыз

Ұлттық Банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын іске асыруды жалғастырады. 

Тимур Сүлейменов: Ортамерзімді келешекте инфляцияны 5%-дық мақсатқа жеткізуге күш-жігерімізді жұмсаймыз Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы базалық мөлшерлеме туралы брифингте ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

"Ұлттық Банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын іске асыруды жалғастырады. Біз инфляциялық таргеттеу режимінің қағидаттарына сүйенеміз. Бұл ретте біз ақша-кредитті және фискалдық саясатты үйлестіруді күшейту үшін Үкіметпен тығыз әрі белсенді қарым-қатынаста жұмыс істейтін боламыз. Біздің бірлескен іс-әрекеттеріміз Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты өсуі үшін макроэкономикалық жағдайлар жасауға ықпал етеді деп сенемін. Біз ортамерзімді таргетті 5% көлемінде жеткізе алатынымызды сеніммен айта аламыз. Ұлттық Банктің басты міндеті – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Біз ортамерзімді келешекте инфляцияны 5%-тік белгіленген мақсатқа жеткізуге барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу