Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің төрағасы болды

817

Оның кандидатурасын Сенат мақұлдады.  

Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің төрағасы болды Фото: akorda.kz

Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенат отырысы барасында палата депутаттары аталған кандидатураны қолдады.

Атап айтқанда, Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Осы орайда Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді.

Айта кетейік, Тимур Сүлейменов 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. Ол бұған дейін президенттің көмекшісі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, ұлттық экономика министрі қызметтерін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу